МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Алғыс газ” ЖШС-нің 3 жұмысшысының денесін күйік шалды

Евгений Журавлев – Евгений Журавлев – СҚО ТЖД бас маманы:

– Бізге хабар сағат 16-дан 11 минут кеткенде түсті. Оқиға орнына 22 маман 5 бірлік техника 7 минуттың ішінде жетті. Барған бетте газ құятын орыннан 1 шаршы метрде жалындап өрт шығып жатты. Оны құтқарушылар көбік шашып 40 минуттан кейін толығымен ауыздықтады. Тілсіз жау абырой болғанда жапсарлас орналасқан жеке тұрғын үй мен ағаштарға тарамаған.

Төтенше жағдайдың салдарынан “Алғыс газ” серіктестігінің 3 жұмысшысының денесін екінші және үшінші дәрежелі күйік шалған. Олардың барлығы қазір қалалық №3 ауруханасының жансақтау бөлімшесінде жатыр.

Вали Бедешев – қалалық №3 ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері:

– Бізге “Алғыс газ” серіктестігінің 3 жұмысшысы сағат 5 те жеткізілді. Барлығының басы, беті, аяқ-қолдарын күйік шалған. Жарақаттары тым ауыр. Қазір үшеуі де жансақтау бөлімшесінде жатыр.

Дәрігерлер денелерінің жарақаты жазылғанша кемі 6 ай уақыт қажет болады дейді.

Берік Қасен