Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында банкроттыққа қатысты дөңгелек үстел өтті

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар саладағы жаңашылдықтар туралы да әңгіме өрбітті. Мәселен, өткен жылдың қараша айында ҚР-ның “Оңалту және банкроттық туралы” заңына “бейбітшілік келісім” және “төлеу қабілеттілігін реттеу үрдісі” сынды ұғымдар енгізілген.

Гүлмира Даниярова – СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы:

– Енді, заңға енгізілген жаңашылдыққа сәйкес, банкроттық iс жүргiзудiң кез келген сатысында борышкер мен кредиторлар келісім жасасуға құқылы. Сонымен қатар, борышкер өзінің төлеу қабілеттілігін реттеу туралы шешім қабылдай алады. Бұл – кредитор мен борышкер арасындағы қарым-қатынасты қайта қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді.

 

Айгерим Ержанова