Аптадағы маңызды жаңалықтар

“ҚазТехМаш” машина құрастыру зауыты” соңғы 1 жарым жылда 50 комбайн шығарған

– Жергілікті мамандар құрастырған мына “Sampo Asia” комбайны өзінің жұмысын бастауға дайын. Бұл көлік толығымен автоматты түрде басқарылады. Мәселен, жүргізуші осы жерде отырып ауаның ылғалдылығын, жанар-жағармайдың қанша мөлшерде қалғанын және тағы да басқа мәліметтерді мына тетіктер арқылы біледі.

“ҚазТехМаш” машина құрастыру зауыты” комбайндар мен өзге де ауыл шарушылығы техникаларын шығаруды өңірде 2014 жылы өткен “Қызылжар Инвест ” форумынан кейін бастаған. Әлемнің бірнеше мемлекетінің өкілдері қатысқан маңызды жиында кәсіпорын басшылығы Финляндия, Австрия мен Польша елдерінің мамандарымен машина құрастыру жөнінде меморандум жасасқан болатын. Осымен, міне 2-ші жыл қатарынан аталмыш отандық комбайндар облыстағы орақ науқанына қатысуда.

Сәбит Шәкенов – “ҚазТехМаш” машина құрастыру зауыты” ЖШС бас директоры:

– Біз 2015 жылдан бастап 50 комбайн және бұдан басқа 60 ауылшаруашылығы техикаларын құрастырдық. Оларды қазір өңірде қолданып жатыр.

Петропавлда биылғы жылдың қазан айында өтетін кезекті “Қызылжар Инвест – 2016” форумына “ҚазТехМаш” машина құрастыру зауыты” ЖШС тағы да қытыспақ. Бұл жолы кәсіпорын басшылығы ресейлік мамандармен әріптестік орнатуды жоспарлап отыр.

Сәбит Шәкенов – “ҚазТехМаш” машина құрастыру зауыты” ЖШС бас директоры:

– Биылғы жылы біз Санк-Петербор қаласының зауытымен келісім шарт жасасуға үмітіміз бар. Олар 744 тракторы шығарады. Басқада алға қойған мақсаттарымыз бар.

Жалпы, бүгінде “ҚазТехМаш” машина құрастыру зауытында 30-ға жуық маман қызмет етеді.

 

Култанов Байболат