МТРА жаңалықтары

Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау

Айталық, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында қойылым көрсетілсе, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында камералық хордың концерті өтеді. Ардагерлерге кіру тегін. Тағы бұл күні Абылайхан резиденциясы, Облыстық тарихи-өлкетану және бейнелеу өнер мұражайларында қариялар мен мүгедектерге тегін экскурсиялар ұйымдастырылатын болады. Ал қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы аясында алдағы бір ай бойы емдеу мекемелері ашық есік күнін өткізбек.

 

Магжан Ахмадина