МТРА жаңалықтары

“Атамекен” ҰКП бизнесті жедел дамытуға бағытталған жаңа бағдарлама ұсынды

Тың жоба халықты жаппай кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, “Үкімет бизнес үшін” сервисін құру сынды 10 нақты қадамды қамтиды. Облыстық кәсіпкерлер палатасындағылардың айтуынша бағдарламаға енгендерден біздің өңірге ең тиімдісі, ол – шағын несиелеуді кеңейту. Өз ісін өрге домалатамын дегендерге мемлекеттік бағдарламалар аясында қарызға қаражат беріліп жатыр. Бірақ, оның пайыздық мөлшерлемесі жоғары, қажетті құжаттардың көп болуы және кепілдікке қоятын мүліктің талапқа сай келмеуі сынды мәселелер болған. Осыны ескерген “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке инвестицияларды тарту және жергілікті бюджеттің есебінен 5 пилотты облыс бойынша жаңа тәртіппен шағын несиелеуге кірісті.

Тұрар Ысқақов – СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры:


–  Қаржы ресурстарына көбіне өңіріміздің шалғай елді мекендердегі кәсіпкерлер қол жеткізе алмайды. Әзірге, Ұлтық кәсіпкерлер палатасы ұсынған 5 пилоттық облысқа біздің аймақ енген жоқ. Онда тек Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай және Маңғыстау облыстары қарастырылған. Алдағы уақытта бұл жаңашылдық өз жемісін көрсетсе, біздің өңірді де ұсынатын боламыз.

 

Риат Шони