МТРА жаңалықтары

Өңірімізде жаңадан құрылған екі басқарманың басшылары тағайындалды

Бүгін облыстың әкімдіктің кезекті отырысында жаңадан құрылған ведомстволардың басшылары таныстырылды. Азаматтық қорғаныс және мобильдік даярлық жөніндегі басқармасына Нұрлан Бүркіталин жетекшілік етеді. Оның осы саладағы тәжірибесі мол.

Ал жастар ісі жөніндегі басқармасы басшысының міндетін уақытша Ирина Тухватулина атқармақ. Ол 2010 жылдан бастап осы күнге дейін №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.

Берик Касен