МТРА жаңалықтары

СҚО-да 40 жастағы ер азамат іздестірілуде

Қыркүйектің 26-сы 76-шы жылы туылған Александр Панченко үйінен балық аулауға шығып, оралмапты. Кеше хабар-ошарсыз кеткен жерлесімізді іздеуге оның туған-туыстары мен достары шыққан. Олар Жұмысшы кентінің маңындағы көлден балықшыға тиесілі қайық пен заттарды тапқан. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше жоғалған азаматты іздеуге 2 арнайы жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды. Мамандар қазір көлдің маңын барлауда.

Култанов Байболат