Денсаулық сақтау

Петропавлда Қазақстан ұлттық формулярын пайдалану бойынша семинар өтті

Шілде айынан бастап елімізде бұл тізімге 723 дәрі-дәрмектің атауы жазылған. Бүгінде аталмыш жүйенің мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарында медициналық қызметкерлерге арналған ақпараттық науқан өткізілуде.

Ақмарал Арзуова – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстан ұлттық формулярының редакторы, Астана қаласы:


–  Қазақстан ұлттық формуляры бұл – ақпараттық ресурс. Оны интернет бар жерде қолдануға болады. Мәселен, knf.kz сайтына кіру арқылы кез келген адам өзіне керекті дәрі-дәрмек туралы, оның кері әсері жайлы және қандай мөлшерде қолдануға болатындығын, оның бағасына дейін блуге болады. Бұл тізімге тек қана зерттеліп тексерілген, қауіпсіз дәрілер мен препараттар енгізілген.

Формуляр жүйелі түрде жаңар­ты­лып отырады. Яғни, аталмыш ақпараттық жүйе арқылы меди­циналық қызметкерлер дә­рі-дәрмек түрлері, оларды қол­дану тәжірибесі туралы жаңа мағ­лұматтар ала алады. Айта кеткен жөн, енді келер жылдан бастап еліміздің әр емдеу мекемесі бұл жүйе негізінде өздерінің жеке формулярларын құрайтын болады.

Сәбира Даирова – 3-ші қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары:


– Біздің жұмысымыз жеңілдей түсті. Енді біз формулярды ҚҰФ қарап жасайтын болдық. Бұл ақпараттық жүйе-қауіпсіздіктің белгісі.

Енді дәл осындай түсіндіру семинарын елордалық мейман Қостанай қаласында өткізбек.

 

Айгерим Ержанова