МТРА жаңалықтары

Ресейлік «Империал» шапито циркінің Қазастандағы гастрольдік сапары аяқталды

Бұның бәрі жерлестеріміздің көңіл күйін бір көтеріп тастады. Бірақ, олардың назары жоғары жылдамдықта айналып тұрған дөңгелектің ішімен жүрген әртісте болды.

Биікте сақтандыру белдігінсіз жүрген өнерпаз үшін қобалжыған жерлестеріміз Александр мен Людмила Литичевскилер ортаға шыққан кезде одан бетер алаңдай түсті.

Бұл жұп 7 метр биіктікте түрлі трюктар жасап, солтүстікқазақстандықтарды өнерімен таң қалдырды.

Людмила Литичевская – «Империал» шапито циркінің гимнастшысы,РФ:


–  Петропавлға мен алғаш рет келіп тұрмын. Көрермен бізді өте жақсы қабылдады. Тұрғындардың зор қошеметіне бөлендік. Бұл біздің жемісті жұмыс істеуімізге серпін беріп отырды.

Сонымен қатар, бұл күні талғампаз көрерменнің назарына мына иттердің өнері ұсынылды. Бұл жолы адамның төртаяқты досы түрліше би билеп, сатымен жоғары өрмелеп петропавлдықтардың көңілін бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ, манежге кішкентай пони де шығып өз өнерін паш етті.

Адель Романова – «Империал» шапито циркінің әкімшісі,РФ:


–  Петропавлда өнер көрсету ұнады. Көңіл-күйіміз тамаша. Қала тұрғындарына шын ықыластары үшін алғыс айтамын. Келесі маусымда тағы да жаңа бағдарламамамен келетін боламыз. Биыл біз отбасы жағдайларына байланысты солтүстікқазақстандық 400 балаға арнайы шақыру билетін тегін тараттық.

Түрлі жануарлардың қатысуымен өткен қойылымдар кішкентай көрермендердің көңілінен шықты.

–  Маған циркта жануарлар ұнады. Аңдар да болды. Жолбарысты көрдім.

– Мен әкеммен келдім. Бізге ұнады. Бізге көңіл-күй сыйлаған циркке рахмет.

«Империал» циркінің ұжымы Петропавлда 10 күн бойы өнер көрсетті. Бұл ретте қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің атынан ресейлік әртістерге алғыс ретінде диплом мен сыйлық табыс етілді.

Петропавл – “Империал” шапито циркі Қазақстанда аялдаған соңғы шаһар. Бұдан соң әртістер Ресей қалаларын араламақ.

 

Айгерім Ержанова