Спорт

Қызылжарлықтар сырт алаңда жеңіліс тапты

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы 23-ші турда теріскейліктер түзде қызылордалық “Қайсарға” қарсы ойнады. Бұл матча Матиц Марушко 41 және 48-ші минуттарда ерекшеленіп, теріскейліктерді қапы қалдырды. Қорытынды есеп 2-0, “Қайсардың” пайдасына шешілді. Турнирде көш бастап тұрған қызылордалықтардың қоржынында 53 ұпай, ал соңынан ілесіп келе жатқан “Қызыл-Жар СҚ” құрамасында 43 ұпай бар. Петропавлдықтардың келесі ойыны “Қарасай” стадионында қазанның 2-і күні “Екібастұзға” қарсы өтеді.

 

Риат Шони