МТРА жаңалықтары

Өңірде Қарттар күніне орай “25 игі іс” акциясы бастау алды

Аталмыш шара барысында “Жас Отан” ЖҚ мүшелері мен бірқатар еріктілер тобы көмекке мұқтаж жалғызбасты қарияларға қол ұшын беріп, сыйлықтар табыстамақ. Сонымен қатар, бір ай көлемінде партия мүшелері солтүстікқазақстандық қарияларға арнап түрлі экскурсиялар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, әлеуметтік көмектерін ұсынуды жоспарлап отыр. Айту керек, жалпы бұл жұмысқа 200-ге тарта ерікті тартылмақ.

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

– Біздің белсенділер мұндай жұмысқа үнемі қатысып отырады. Бүгін біздің бір топ қыз-жігіттер тағы 3 ардагерге барады. Оған шамамен 30 адам жұмылдырылып отыр. Оның ішінде қала колледждерінің және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері бар.

 

Айгерим Ержанова