МТРА жаңалықтары

Мәскеулік “Таланты мира” қоры Петропавлға келді

Бұл ретте өнерлерін көрсетіп, әлемді шарлап жүрген мәскеулік “Таланты мира” қоры Петропавлға да ат басын бұрып отыр. Олардың өнерін тамашалау үшін жүздеген солтүстікқазақстандық бүгін облыстық филармония залына жиналған.

– Мен классикалық музыканы жақсы көремін. Бүгінгі келген әртістердің ішінде мексикалық Алехандро Олмедо бар. Ол – менің сүйікті әншім. Биыл қаламызға үшінші рет келіп отыр. Оның бірде-бірінен қалған емеспін.

– Рухани демалу үшін келдім. Бізде жанды дауыстағы классикалық туындыларды тыңдайтын мүмкіндік бала бермейді. Сондықтан, бұл әртістердің келетінін естіген бойда бірден билетін сатып алдым.

Өнерпаздар әлем классиктерінің опералық әуендерін нақышына келтіріп, әуелетіп орындауда.

Бұл – Джузеппе Вердидің “Риголетто” операсынан алынған Герцогтың әні. Мұны үш бірдей тенор дауысты әншілер – Леонид Бомштейн, Алехандро Олмедо және Дмитрий Трунов орындауда. Әртістерге көрермендер қошеметтерін аяған жоқ.

Иван Беспрозванных “Таланты мира” қорының администраторы, Мәскеу қаласы, РФ:

– Біз осы концерттік бағдарламамен әлемнің көптеген елдерін араладық. Қазақстанның да бірнеше қаласында болдық. Үш бірдей үздік дауысты әртістер ән шырқауда. Ал, оларды скрипка, виолончель сынды нәзік үнді аспаптар сүйемелдейді. ЖергілІкті жұртышылық біздің өнерпаздарды күтеді, жақсы қарсы алады. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе.

Ал, Ресей елінен келген өнерпаздарды жергілікті музыканттар сүйемелдеуде. Сергей Имашбаевтың дирижёрлігімен түрлі аспаптан әдем сазды сызылтқан 40-тан астам адамнан құралған оркестр «Риголетто» операсынан Герцогтың тағы бір балладасын орындауда. Ал, әнді Дмитрий Трунов жалғыз шырқады.

«Би май лав» концерттік бағдарламасы екі сағатқа созылды. Бұл күні теріскейлік көрермен ұзын-саны 25-ке жуық классикалық әуенді тыңдай алды.

Акбопе Танирберген