Ауыл шаруашылығы

Теріскейлік диқандар күзгі дала жұмыстарының 85,3 пайызын тындырды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қыркүйектің 23-не берген ресми мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде теріскейлік диқандар күзгі дала жұмыстарының 85,3 пайызын тындырған. Осы күні шаруалар 2 млн 800 гектар жердің егінін орып, 4 млн 700 мың тонна бидай жинапты. Гектар берекелігі орта есеппен алғанда 17,4 центнерден айналуда.

Айгерим Ержанова