МТРА жаңалықтары

Петропавлдық 1-ші сынып оқушылары полицияның жұмысымен танысты”Южный” бекетіндегі тәртіп сақшылары кезекті рет кішкентай меймандарды қабылдады. Полицейлердің жұмысымен қала мектептерінің 1-ші сынып оқушылары жыл сайын келіп танысады. Бұл жолы полиция бекетіне Бірінші гимназиядан 40 ұл-қыз келген екен. Қалыптасқан дәстүрге сай – кішкентей қонақтарға жол ережесі жайлы айтылды. Тәртіп сақшылары оларға көлік жүретін жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге болмайтынын да ескертті. Мұны қызығушылықпен зейін сала тыңдаған балғындар патрульдік көлік, рация, көлік тоқтатуға арналған таяқша сынды қызмет бабында полицияға керекті құрылғылармен де танысты. Вадим Ламаш – СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальоны штабының бас инспекторы : “Балалар бізден бекеттің қалай жұмыс жасайтынын айтып беруімізді сұрады. Қызметкерлер оларға көліктің жылдамдығын өлшейтін құрылғының қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Жұмыс барысымен таныстырды. Балғындарға мұның барлығы қызық. Жолдағы төтенше жағдай жайлы әңгімеледік. Мұндағы мақсат – балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Осы шараны өткізу барысында оқушылардың дені жол ережелерін жақсы білетініне көз жтекіздік.

Полицейлердің жұмысымен қала мектептерінің 1-ші сынып оқушылары жыл сайын келіп танысады. Бұл жолы полиция бекетіне Бірінші гимназиядан 40 ұл-қыз келген екен. Қалыптасқан дәстүрге сай – кішкентей қонақтарға жол ережесі жайлы айтылды. Тәртіп сақшылары оларға көлік жүретін жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге болмайтынын да ескертті. Мұны қызығушылықпен зейін сала тыңдаған балғындар патрульдік көлік, рация, көлік тоқтатуға арналған таяқша сынды қызмет бабында полицияға керекті құрылғылармен де танысты.

Вадим Ламаш – СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальоны штабының бас инспекторы :

“Балалар бізден бекеттің қалай жұмыс жасайтынын айтып беруімізді сұрады. Қызметкерлер оларға көліктің жылдамдығын өлшейтін құрылғының қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Жұмыс барысымен таныстырды. Балғындарға мұның барлығы қызық. Жолдағы төтенше жағдай жайлы әңгімеледік. Мұндағы мақсат – балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Осы шараны өткізу барысында оқушылардың дені жол ережелерін жақсы білетініне көз жтекіздік.

Акбопе Танирберген