Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Я всегда говорю у нас в Казахстане самые лучшие асы по зерноводству работают. Лучше вас ни в Америке, ни в Канаде нет.

“Шағала Агро” ЖШС-гі Қызылжар ауданында жалпы аумағы 28 мың гектарға дәнді дақылдар сіңіріпті. Қазір гектарынан 35 центнерден өнім жинауда. Қазір кәсіпорын алқаптарында 360 адам еңбек етуде. Олардың айлығы 110 мың теңгенің маңайында.
“Шағала Агро” серіктестігі астық өндірісін әртараптандыруға басымдық беруде. Кәсіпорын құрылтайшысы Жомарт Омаров мемлекет тарапынан аграрийлерге зор қолдау жасалып жатқандығын айтты.

Жомарт Омаров – “Шағала Агро” ЖШС құрылтайшысы:


– Тұқымға субсидия беріліп жатыр. Биылдан бастап техникаға беріледі деп жатыр. Жазда егістік алқаптарды химиялық өңдеуге мемлекет тарпынан көмек көп болды. Заманауи сапалы техникаларды сатып алу үшін соңғы 3 жылда 4 млрд 200 млн теңгенің инвестициясы құйылды. Биыл көктемгі дала жұмыстарын ертерек бастап, сәйкесінше.

Кейін Нұрсұлтан Назарбаевқа өңір кәсіпорындарында шығарылатын ауыл шаруашылығы техникалары көрсетілді. Биыл “Казтехмаш” зауыты жылдық жоспарды 100 пайызға орындап, 28 “SAMPO ASIA” комбайнын құрастырды. Соның жартысынан астамын аграрийлер сатып алып, алқапқа шығарған. Сондай-ақ, өзімізде құрастырылатын К-704 тракторына да сұраныс жақсы. Бүгінде “Батыр” тракторының 3-еуі дайын. Жыл соңына дейін 15-і құрастырылмақшы. Бағасы жағынан шетелдік баламалардан 3 есеге арзан. Оған қажетті бөлшек саймандардың 40 пайызы өңір кәсіпорындарында жасалады. Осы жерде Мемлекет басшысына облыстағы агроөнеркәсіптік кешеннің даму қарқыны және егін жинау науқанының барысы туралы ақпарат берілді.

Айдарбек Сапаров – облыс әкімінің бірінші орынбасары:


– 8 айдың ішінде Ауыл шаруашлығыныдағы негізгі капиталға 35,9 млрд теңге бағытталды. Бұл қаражат былтырғыдан 30,2 пайызға көп. Осы саладағы еңбек өнімділігі 5,9 пайызға өсті. Және қаңтар-тамыз айлары аралығында өңірлік жалпы ішкі өнім көлемі 108 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,2 пайызға жоғары.

Бүгінде теріскей шаруалары дәнді дақылдардың 2 млн 567 мың гектарын бастырып, 4 млн 467 мың тонна астық жинады. Жалпы биыл өңірімізде 5 млн 630 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Сондай-ақ, танап басында тігілген шатырдың ішінде Президентке өңір кәсіпорындарында өндірілетін тауардың сан алуан түрі көрсетілді. Нұрсұлтан Назарбаев біраз кідіріп ұн, нан-тоқаш, ет, сүт, кондитер өнімдерін шығаратын компания өкілдерімен емен-жарқын әңгімелесті. Елбасы көршілес Ресей аймақтарымен тауар айналамын ұлғайту керек деді.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:


– Надо научиться торговать. Работать там, конкурировать с ними, чтобы наши товары шли туда. И от туда брать то, что нам надо. За 25 лет независимости сельское хозяйство я поставил на ноги. Я могу так сказать. Сейчас развиваем мясопроизводство. Недавно я говорил на заседании правительства, 97 млрд. тенге только в этом году выделяется. На диверсификацию, на орошаемые земли, на создание кооперативов.
Сельхозтоваропроизводители должны производить, а кто то должен сразу покупать.

Ұлт көшбасшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге облыс нарығындағы сұранысты толығымен қанағаттандырып, Солтүстік Қазақстанда жасалған өнімнің басым бөлігін экспортқа бағыттауға тапсырма берді. Осы ретте теріскейлік жекелеген кәсіпорындар мемлекеттің қолдауының арқасында өндіріс көлемінің артып жатқандығын тілге тиек етті.

Роза Сүлейменова – “Молпродукт” ЖШС директоры:


– 330 мың тоннадан артық сүт өнімдерін өндіріп келеміз. Өнім еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізілуде. Сонымен қатар Ресейдің бірқатар қалаларына да жөнелтудеміз. Сіздің қамқорлығыңыздың арқасында біз де елімізбен бірге дамып келе жатырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:


– Вот так Казахстанцы никогда не жили. Сейчас наша страна известна всему миру. К нам с уважением относятся. Сейчас для нас все международные финансовые институты открывают свои запасы. Мы можем кредитоваться. Это о чем говорит, страна стабильная, живем мирно, государство развивается и здесь для бизнеса созданы все условия.

Биыл өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға мемлекет қазынасынан 23,4 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат былтырғыдан 36 пайызға жоғары. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өнім сапасын арттырып, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жыл 12 ай тұрғындарды жұмыспен қамтуға үлкен назар аударған жөн деді.

Берік Қасен