Құқық қорғау органдары

Мамлют ауданының полицейлері Қазақстан халқы тілдерінің фестивалін атап өтті

Шара аясында тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. 1 жасар Дінмұхаммед есімді баланың тұсауын құқық қорғау органдарының ардагері қиды. Сәбидің аяғына дәстүрге сай ала жіп байланған. Бұл қазақ ырымында нәрестенің болашақта түзу жолмен жүріп, адал еңбек етуі үшін арналып жасалады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарды салт-дәстүрді қадірлеп, қастерлеуге үйретеді.

Култанов Байболат