Республика бойынша бұл көрсеткіш 1,2 пайызды құрап отыр. Облыста былтыр өндірілген өнімнің жиынтық құны – 837,2 млрд теңге, оның 41,5 пайызы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс салаларына, ал 53,8 пайызы қызмет көрсететіндерге тиесілі. Әдеттегідей жалпы өнімді өндіру көрсеткіші бойынша 25,2 пайыз көрсеткішпен ауыл шаруашылығы саласы алда тұр. Жалпы өнімнің 15,5 пайызы – автокөлік және мотоциклдарды жөндеу мен көтерме-бөлшек саудасына, 12 пайызы – жылжымайтын мүлікке, ал 11,7 пайызы өнеркәсіпке тиесілі.
Риат Шони