Денсаулық сақтау

Елімізде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсететін ұйымдарға тұрғындарды тіркеу науқаны жүргізілуде

Ал биыл ол Петропавлдағы М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, уақытша мекен ету орнын ауыстырып отыр. Енді, нәзік жанды тиісінше өзі білім алатын оқу орны бойынша нөмірі бірінші емханаға тіркелуі керек.

Наталья Конева – М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті:


–  Біздің колледждің студенттері нөмірі бірінші қалалық емханаға тіркеліп жатыр. Бүгін мен де топтастарымнан қалыспай, аталмыш медициналық мекемеге жазылдым. Негізі денсаулықты жиі тексертіп отыру керек. Егер ешбір емханаға тіркелмеген болсаңыз онда барлық қызмет түрі ақылы болады ғой.

Елімізде емханаларға азаматтарды тіркеу 2011 жылдан бастап үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында облыс орталығындағы нөмірі бірінші емханаға 60 мыңнан астам адам тіркелген екен. Ал биылғы науқан басталғалы бері, яғни бір аптаның ішінде аталмыш медициналық мекемені 120-дан астам солтүстікқазақстандық таңдаған.

Ұлбасым Қажахметова – №1 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары:


–  Бір апта ішінде біздің емханаға 121 адам тіркелді. Оның 49-ы тұрғылықты мекен жайын ауыстыруға байланысты, тағы 59-ы оқу орны бойынша. Негізі қазір №1 қалалық емханада 60 мың 34 адам тіркеуде тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 мың 500 адамға көп. Айту керек, егер де бізге келген емделушер өзге қаладан қоныс аударып біздің емханада тіркеуде тұрмаса оларға ақылы түрде қызмет көрсетіледі.

Азамат бір емханаға жылына бір рет қана тіркеле алады. Ол үшін бар болғаны жеке куәлігіңізді алып, 30 минут уақытыңызды қисаңыз болғаны.

Жазира Қайржанова – №1 қалалық емхананың медициналық тіркеушісі:


–  Ең бастысы жеке куәлік пен мынадай өтініш толтыру қажет. Осылайша, біз оларды 30-35 минут ішінде тіркейміз. Бүгін біз 35-40 адамды қабылдап, біздің емханаға тіркедік. 18 жасқа толған балалар өздері келіп тіркеле алады, не болмаса ата-аналарын жіберсе де болады.

Айта кету керек, медициналық тіркелу науқаны елімізде үстіміздегі жылдың қараша айына дейін жалғаспақ.

 

Айгерим Ержанова