Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өңірде биыл 302 жобаға қолдау танытқан

Нысандарды ашу үшін Юрстем Джазалиев “Даму” қоры арқылы несие алыпты. Кейін “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” арқылы тағы 3 миллион теңге рәсімдеп, оны желдеткіш жүйелерін орнатуға жұмсаған.

Юрстем Джазалиев – “Джазалиев” ЖК директоры:


– Мұндай мүмкіндікдің болуы біз, кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Бар болғаны 6 пайыздық төлеммен. Осынысы ұнады. Өте тиімді. Алған қарызымыздан жылдам әрі оңай құтыла аламыз.

Аталмыш қордың қолдауын көргендердің қатарында Рамазан Сандыбаев та бар. Оның өз дәмханасы, ағаш өңдейтін цехы, шина монтаждау шеберханасы және сыртқы жарнама қағаздарын дайындайтын кеңсесі бар. Қазір соңғы аталған нысанның қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.

Рамазан Сандыбаев, «Сандыбаев» ЖК директоры:


– Бір аптаның ішінде зайымды рәсімдеп берді. Бар болғаны 6 пайыздық төлеммен. Осынысы ұнады. Өте тиімді. Мемлекет өз ісімізді ашуға зор мүмкіндіктер тудыруда.

Жақында оның дәмханасында шәй ішетін бөлме пайда болады. Қосымша 7 жұмыс орны ашылмақ. Айта кетейін, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” қаладағы кәсіпкерлерге бизнестің дамуына арналған несиені тек биылдан бере бастады. Үстіміздегі жылы “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” бағдарламасы бойынша жалпы құны 728 миллион теңге болатын 302 жобаны қаржыландырған.

Олжас Сағындықов, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚФ несие менеджері:

– Бұл жобалардың 52 пайызы мал шаруашылығына, 38-і – қызмет көрсету саласына, қалған 10 пайызы – өсімдік, құс шаруашылықтары және басқа да салаларға арналған. Мұндай зайым тек 3 млн теңгеге дейін беріледі. Ал, бірінші алған кішігірім несиесін мерзімінен бұрын жауып тастап екіншісіне өтініш білдіргендерге, оралмандар мен қоныс аударушыларға 54 айға дейінгі мерзімге жылдық мөлшерлемесі 6 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін беріледі.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдан аталмыш қор “Жұмысбастылық – 2020” жаңа бағдарламасы арқылы несие бере бастады. Мұның ерекшелігі қарызды – көктемгі дала жұмыстарын жүргізу, бордақылау алаңдары мен сүт қабылдау қосындарын салу сынды 5 бағыт бойынша рәсімдеуге болады.

Олжас Сағындықов, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚФ несие менеджері:


– Одан бөлек “Ынтымақ” бағдарламасы арқылы сүт, ет, жеміс пен көкөністен өнім әзірлеу-қызмет көрсету ұйымдарын құру және дамыту мақсатында Ауыл шаруашылық кооперативтеріне 50 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Қарыз 120 айға жылдық 7 пайыз мөлшерлемемен рәсімделеді.

Бүгінде “Жұмысбастылық – 2020” бағдарламасы арқылы “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорында” жалпы құны 41 миллион теңгеден асатын 13 жоба қарастырылуда.

 

Акбопе Танирберген