МТРА жаңалықтары

Петропавлда Қазақстан халқы тілдері күніне орай апталық бастау алды

Мұнда 1400-ден астам ұлттары әр түрлі оқушы білім алады. Олар үшін 9 бірдей этнобөлім жұмыс істейді. Онда балалар өз ұлтының тілі мен мәдениетін оқиды. Сондай-ақ, аталмыш білім ұясында 12 сектордан тұратын мұражай да бар. Бұл мұғалімдердің айтуынша оқушыларға түрлі этностар жайлы мол мағлұмат береді.

Сильва Асланян – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің армян тілі пәнінің мұғалімі:

– Біздің мектептегі этномұражай 2010-шы жылы Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ашылған. Мұндағы әр секторда нақты бір ұлт жайлы мағлұмат беретін жәдігерлер мен әдебиеттер бар. Олардың кейбірін оқушылар өздері жасады, енді бірі тарихи отанынан әкелінді. Мұнда бізде қосымша сабақтар өтеді. Балаларға әр ұлт жайлы әңгімелеп, татулық пен өзара сыйластықты дәріптейміз.

Тілдер апталығын ресми түрде бастауға арналған іс-шара акт залында жалғасты. Кездесу барысында сөз алған “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов биыл Қазақстан халқы тілдерінің күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келгендігін атап өтіп, бір шаңырақ астында түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келе жатқандығына тоқталды.

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:


–  Біз жыл сайын қыркүйектің 22-сі күні Қазақстан халқы тілдерінің күнін атап өтеміз. Бүгінде елімізде тұратын кез келген ұлт өзінің тілін, мәдениетін ұмытпай, оны дәріптей алады. Оған дәлел – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Бұндай институт әлемдегі бірде-бір мемлекетте жоқ. Ассамблеяның арқасында бізде ұлтаралық келіспеушілік туындаған емес.

Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Риат Шони