МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық азамат үйінде қару сақтап келген

Көрсетілген мекен жайға тәртіп сақшылары жедел жетіпті. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары ақпараттың жалған еместігіне көз жеткізген.

Спартак Қабденов – СҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:


– Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Мамлют ауданындағы елді мекендерінің бірінің тұрғынынан «Борз» атты тапанша пулемет, шолақ мылтық пен 60-тан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Қару иесі бұған дейін істі болмаған. Қазір ол тәркіленген заттарды “Орманнан тауып алдым”,- деп ақталуда. Аталған фактіге қатысты ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Енді, қару сақтаған азамат 5000 АЕК көлеміндегі айыппұл төлеуі немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Акбопе Танирберген