МТРА жаңалықтары

Өңірдің экономикалық дамуы

Үстіміздегі жылдың қаңтар мен тамыз айлары аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі – 13, ал құрылыс саласыныкі 6 пайызға өскен. Негізгі капиталға 93 млрд теңге инвестиция құйылды. Ауыл шаруашылығындағы жалпы ішкі өнім 108 млрд теңгені құрап отыр. Оның ішінде құс және мал етінің үлесі 55 мың тоннаға жуық. Ал сүт 378 мың тонна болса, жұмыртқа 409 млн дана. Облысымыздың өндіріс орындары 112 млрд теңгенің тауарын шығарған. Соның 70 пайызы қайта өңдеу саласына тиесілі. Кәсіпорындар фармацевтикалық өнімдер мен сусындарды бұрынғыға қарағанда 2,5 есе, ал маталарды 2 есеге көп өндіре бастапты. Өткен уақыт аралығында бөлшектік сауда көлемі 114 млрд теңгені құраса, көтерме саудада бұл көрсеткіш 161 млрд теңгеге жеткен. Құрылыс-монтаждау компаниялары 32 млрд теңгенің жұмысын атқарды. Тағы жыл басынан аймағымызда 350 ғимараттың құрылысы аяқталған.

 

Магжан Ахмадина