Құқық қорғау органдары

Жамбыл облысының 2 тұрғыны Петропавлда салмағы 50 келіден астам есірткі затымен ұсталды

Сол күні кешке сағат 9-да тәртіп сақшылары айтылған орынға жедел жетеді. Хабар жалған болып шықпады. Полицейлер Брусиловксий көшесінде күдік тудырған Ауди көлігін тоқтатқан. Ішін тінту барысында машинаның салоны мен жүк салғышынан үш үлкен сөмкені тапты.

Ұсталған азаматтардың біреуі – 26, екіншісі 30 жаста. Қазір олар уақыша ұстау изоляторында қамауда отыр. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-ші бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілердің қылмысы дәлелденсе 10-нан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Айдар Хабибуллин, СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары:

– Жедел іздестіру шаралары барысында Жамбыл облысының екі тұрғыны ұсталды. Олардың көліктерінен тінту барысында 50 келіден астам марихуана табылды. Кейін анықталғандай, күдіктілер есірткі затын сатпақшы болған.

Жыл басынан бері облыс аумағында заңсыз айналымнан 350 келі түрлі есірткі заты тәркіленген. Оның бір келіден астамы героин.

Берік Қасен