Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

СҚО ІІД ардагерлерге Астана қаласына саяхат ұйымдастырды

Шара Отбасы күніне және ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қолға алынған. Сапар Астана қаласын аралап, оның зәулім ғимараттарын тамашалаған ардагерлерге ерекше әсер қалдырды. Қариялар 2 күн ішінде “Бәйтерек” монументіне барып, Ақорда және Тұңғыш Президент мұражайымен танысқан. Сондай-ақ, “Хан Шатыр” сауда-ойын-сауық орталығы мен “Экспо-2017” көрмесі өтетін нысанда болған.

Ғалым Әлдікенов, М.Жұмабаев ауданы ІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы:


– М. Жұмабаев ауданының ішкі істер бөлімінің ардагерлер кеңесінің құрамында 47 адам бар, оның біреуі – Ауған соғысының ардагері. Осы жолы бас қалаға жолдамамен біздің ауданымыздың атынан екі азамат барды.

Тогжан Акмагамбетова