Мәдениет

Петропавлда “Бахтан Абайға дейін” атты концерт өтті

Көңілді композицияны камералық хор эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындауда. Ал, бүгінгі кеште Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі Ренат Салаватов дирижерлік етуде.

Ренат Салаватов – дирижёр, ҚР халық әртісі:


– Мен бұл концертке алдын ала келіп, бір жұма бойы дайындалдық. Кеште көптеген танымал композициялар шырқалады. Солардың бірі – Латиф Хамидидің “Қазақ вальсі” және қазақтың халық әні – “Япурай”. Мен бұларды жуырда “Астана Опера” театры үшін өңдеген болатынмын. Жалпы мен 8 туындыға өңдеу жасадым.

Сондай-ақ, шығармашылық ұжымдар көрермендерге Вольфганг Амадей Моцарттың “Реквием”, Марчеллоның “Соло гобоя”, Иоганн Гетеның ” Фауст” және Абай Құнанбаевтың ” Сегізаяқ” және тағы да басқа туындыларды орындады.

“Бахтан Абайға дейін” атты шығармашылық концерт барысында барлығы 16 композиция орындалды. Зал көрерменге лық толы болды. Бір жарым сағатқа жалғасқан концерт өнерсүйер қауымның көңілінен шықты.

– Осы концерт маған қатты ұнады. Осындай концерттерга мен жиі келемін.

– Оңды болды. Барлығы тамаша. Өзім бірінші рет келіп тұрмын.

Тоқжан Ақмағамбетова