Спорт

Петропавлда әділет органдарының қызметкерлері арасында шахматтан жарыс өтті

Ол шаршы тақта алдында екі кездесу өткізді. Қос қарсыласын да жеңіп, үздік ойын өрнегін көрсетті. Оның айтуынша, шахмат ақыл-ойды дамытуға септеседі.

Еркебұлан Қалиев – жеке меншік нотариус:


– Шахмат ойнаған адам жинақты болады. Өте көп ойланады. Жұмысқа да жақсы. Жарыс жақсы өтіп жатыр. Жыл сайын осындай сайыстар өте берсін.

Жалпы бұл жарыс Әділет органдары күніне орай ұйымдастырылған спартакиада аясында өтуде. Бұған қатысушылар шахматтан басқа шағын футболдан, волейболдан және үстел теннисінен бақтарын сынайды. Жалпы, бұл шараға 100-ден астам адам қатысуда.

Бейбіт Қазбеков – СҚО бойынша әділет департаментінің бөлім басшысы:

– Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне спорттың 4 спорт түрі бойынша грамота, медаль және кубок табыстаймыз. Марапаттау шарасы Әділет органдарының күні, яғни қыркүйектің 30-ы өтеді.

Ал, негізі спартакиада осы айының 16-сына дейін жалғаспақ.

 

Тоқжан Ақмағамбетова