МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында шағын дәмхана өртенді

Дәмханадан шыққан өрт туралы кездейсоқ куәгер хабарлаған екен. Дереу оқиға орнына 2 өрт сөндіру бөлімінен 5 техника мен 17 жеке құрам қызметкері келіп жетеді. Бірақ, бұл уақытта нысанның 30 шаршы метрі отқа оранып үлгерген. Ыдыс-аяқ, құрылғылар мен жиһаз күйіп кетіпті. Абырой болғанда, тілсіз жау уақытында ауыздықталып, қызыл жалын көршілес дүңгіршектерді шарпыған жоқ. Енді дәмхана иелері шығын мөлшерін есептеуде. Ал мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Әсет Сердалин, СҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі жедел кезекшісінің орынбасары:

– Өрт сөндіру қызметі келіп жеткенде барлық есіктер жабық болды. Сол себепті, оларды бұзуға тура келді. Жалынды өршітпей, бетін қайтара алдық. Іштен 3 газ баллонын алып шықтық. Өрт сағат 9:11-де толығымен оқшауланды.

 

 

Акбопе Танирберген