Құқық қорғау органдары

Теріскейлік полицейлер Отбасы күні қарсаңында қайырымдылық шара өткізді

Мереке қарсаңында солтүстікқазақстандық полицейлер үлгілі және аз қамтамасыз етілген жанұялардың үйлерін аралап, балаларына сыйлықтар табыстады. Қала тұрғыны Екатерина Куклева екі баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Оның қызы екінші сыныпқа барса, ұлы әлі кішкентай. Бүгін оларды қалалық ІІБ қызметкерлері Отбасы күнімен құттықтап келді. Сонымен қатар, ІІД-і жанындағы Әйелдер кеңесінің өкілдері облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін құттықтап, түрлі тәтті-дәмділер тарту етті.

Мақпал Алпысова – Петропавл қалалық ІІБ аға инспекторы:


– Біз осы шара аясында аз қамтылған, және көмекке мұқтаж жанұялармен кездесіп, оларға көмек көрсеттік. Сонымен қатар, отбасы құндылықтары мәселелерін де талқыладық.