Ауыл шаруашылығы

Өңір аграгрийлері 3 млн 470 мың тонна астықты қамбаға құйды

Ауыл шаруашлығы басқармасының қыркүйектің 9-на берген мәліметіне сүйенсек, аграрийлер 2 млн 287 мың гектардағы сары алтынды орып алыпты. Бұл облыс бойынша жалпы егістік алқабының 71 пайызынан сәл жоғары. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2 млн 17 жарым мың гектардағы бидайды бастырып, тағы 3 млн 470 мың тоннасын қамбаға жеткізді. Облыс бойынша гектар берекелігі 17,2 центнерден айналуда.

Берік Қасен