МТРА жаңалықтары

Петропавлда ерлі-зайыптылардың ажырасу жағдайларын алдын алу мақсатында іс-шаралар өткізілуде

Мұндай ажырасулардың алдын алу үшін облыс орталығында “Отбасыны қолдау апталығы” акциясы аясында семинар-тренинг өткізілді. Жиынға Петропавл қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің өкілдері мен университет студенттері қатысты. Жиын барысында жастарға отбасы құндылықтары туралы айтылып, жарды таңдау жөнінде бірқатар кеңестер берілді.

Альбина Яфарова – Петропавл қаласы АХАТ бөлімінің бас маманы:

– Соңғы кездері ажырасу фактілерінің жиілеуі бізді алаңдатып отыр. Өңірімізде осындай жағдайларды азайту үшін отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған семинарларды енді жиі өткізіп тұрмақшымыз.

 

Акбопе Танирберген