Балалар

Өңірдің белсенді жастары “Жастар ауылы – 2016” лагерінде бас қосты

Мұса Танақұлов – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Бұл жиынды өткізу біздер үшін жақсы дәстүрге айналды. Мұнда жастар бір-бірімен танысып, өзара достық қарым-қатынас орнатады. Биылғы шарада түрлі маңызды мәселелер қаралмақ. Мәселен, бүгін жастармен мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың қаупі жайлы жиын өткелі жатыр. Осы жерде олардың “бармақ басты, көз қыстылықты” болдырмау үшін мамандардан ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар.

Сыйбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Сондықтан, бұл індетті бүгіннен дер кезінде ауыздықтау қажет. Және оның салдарын жастарға осындай шаралар арқылы ұғындыру маңызды дейді Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Мен ойымша сыбайлас жемқорлықтың қауіпін жастарға түсіндіру қажет. Осындай шараларды студенттер мен мектеп оқуышылары арасында жиі өткізген дұрыс.

Жиынға, сонымен қатар “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық” бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұлов қатысты. Алматы қаласынан келген мейман солтүстікқазақстандық жастарға қоғам дертіне тап болған жағдайда өз құқығын қорғау жайын түсіндірді.

Төлеген Байғұлов – “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық” РМБ төрағасы, Алматы қаласы:

– Қазір тұрғындар сыбайлас жемқорлыққа тап болса қайда шағымданарларын білмейді. Арызды қалай және қайда жазудан хабарсыз. Ондай жағдайда біздің медиа орталыққа тегін хабарласып, кеңес алуға мүмкіндік бар.

“Жастар ауылы” атты лагерь 3 күн бойы ұйымдастырылады. Оған қатысушылар түрлі трениг-сабақтарға атсалысып, спорттық сайыстарда бақтарын сынамақ.

Култанов Байболат