Құқық қорғау органдары

Облыс орталығында «Абайлаңыз, балалар!» жедел-алдын алу шарасы жалғасуда

Жарысқа 3 пен 5 жас аралығындағы балғындар қатысты. Оның қорытындысы бойынша бірінші орынды “Балдырған” балабақшасының тәрбиеленушісі Ксения Запорожец иеленді. Сондай-ақ, шара барысында полиция қызметкерлері бүлдіршіндерге жол ережелерін сақтау бойынша сабақ өткізді.

Асыл Нұрғалиева – Петропавл қаласы ІІБ учаскелік инспекторы:

– Петропавл қаласындағы балабақшаларда алдын алу шараларын қыркүйек айының 1-нен 5-і аралығында өткіздік. Шара барысында “Мен және жол” байқауы болды, суреттер салынды. Жеңімпаздар марапатталды. Мақсаты – бүлдіршіндерге осы кезден бастап жолда жүру ережелерін үйрету болып табылады.

 

Тогжан Акмагамбетова