Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК сырт алаңда “Екібастұз” құрамасын тізе бүктірді

Тартысты матч тағдыры тек екінші таймда шешілді. Теріскейлік қорғаушы Владимир СидЕльников соңғы 45 минуттықта есеп ашып, командасына жеңіс сыйлады. Айта кетейік, жерлестеріміз келесі ойынын өз алаңында өткізеді. Қыркүйектің 11-і күні “Қарасай” стадионында “Қызыл-Жар СҚ” ФК Оңтүстік Қазақстан облысының “Мақтаарал” құрамасымен кездеспек.

 

Култанов Байболат