МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Орталық” өңірлік қолбасшылығы басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиыны өтуде

Мұрат Әтібаев – ҚР ҰҰ “Орталық” өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары:

– Әскери психолог мамандар күш құрылымдарына өте қажет. Өйткені, олар жас жауынгерлермен және курсанттармен жұмыс істейді. Бірақ, біздің қолбасшылықта 500 адамға 1 психологтан келеді. Бұл өте аз. Сол себепті, осы олқылықтың орнын толтыруымыз қажет. Және қызметкерлер қазақ тілін білмейді. Сондықтан, әскери құрылымдарда мемлекеттік тілді оқытуды дамыту қажет.

Жиынға тағы “Орталық” өңірлік қолбасшылығы құрамындағы “Әйелдер кеңесінің” өкілдері де қатысуда. Гүлнәр Алтынбекова Петропавлға Қарағанды қаласынан келіпті. Темірдей тәртіпті ұстанған нәзік жанды №52859 әскери бөлімде жас жауынгерлермен жұмыс істейді екен. Жаңадан сапқа қосылған сарбаздардың жағдайын бақылап, оларға көңіл бөлу – маманның басты міндеті.

Гүлнәр Алтынбекова – №52859 әскери бөлімі Әйелдер кеңесінің төрайымы, Қарағанды қаласы:

– “Әйелдер кеңесі” жұмысы маңызды. Біз сарбаздардың тұрмыстық жағдайын бақылыпп оларға көмек береміз.

Жалпы, оқу-әдістемелік шараға 70-ке жуық әскери қызметкер ат салысуда. Олар осындай шара арқылы әріптестерімен тәжірбие алмасып, біліктілігімізді арттырамыз дейді.

Самал Есімсейітова – №6637 әскери бөлімі бастығының аға көмекшісі, Петропавл қаласы:

– Бұл жиындардың маңызы біздер үшін өте жоғары. Осындай шаралардан білмегенімізді үйренеміз. Кейін, оны өзіміздің жұмыс тәжірбиемізде қолданымыз.

Петропавлда “Орталық” өңірлік қолбасшылығы басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиыны 3 күнге жалғасады.

 

Култанов Байболат