Құқық қорғау органдары

Өңірде “Учаске” жедел-алдын алу шарасы жалғасуда

Осылайша, тәртіп сақшылары бірнеше күннің ішінде 200-ден астам пәтер және жер үй тұрғындарымен жолыққан. Нәтижесінде 476 тәртіп бұзушылық анықталып отыр. Негізінен бұл қоғамдық орындарда ішімдік ішу мен мас күйде жүруге байланысты.

Сергей Бондаренко – Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы:

– “Учаске” жедел-алдын алу шарасы желтоқсан айының 1-не дейін жалғасады. Оның аясында 1300-ге жуық көпқабатты баспана мен 14 мыңнан астам жер үй тексеріледі. Мұндағы мақсат – қоғамдық орындар мен жеке учаскелерде орын алатын бұзушылықтардың алдын алу. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тұрғындардың сеніміне ие болса дейміз.

 

Тогжан Акмагамбетова