Құқық қорғау органдары

Петропавлда көлік тонаған ұрылар құрықталды

Андрей Гаврилов – қала тұрғыны:

– Мені түнгі 1-ден 15 минут кеткенде көршім оятты. Ол маған домофон арқылы сенің көлігіңнен екі жас жігіт аккумулятор мен басқа да бағалы заттарды қолды қылды деп хабар берді. Мен бірден киініп далаға шықсам, тәртіп сақшылары ұрыларды ұстапты. Осы үшін полицейлерге үлкен алғысымды білдіремін.

Ұрыларды түнгі рейд кезінде жол-патрульдік полиция қызметкерлері құрықтаған. Құқық қорғаушылар баукеспелерді бейне бақылау құралы арқылы анықтапты. Тәртіп сақшылары тізгіндеген машинадағы бейнежазбаға жүрістері күмән келтіретін екі күдікті түседі. Кейін, олардың соңынан қуалағанда ұрылар полицейлерден қаша жөнелген.

Мұрат Рамазанов – Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция взводы командирінің орынбасары:

– Біз кезекті рейд барысында Ж.Жабаев көшесі бойымен жүрдік. Кейін қолына аккумулятор ұстаған екі жігітті көрдік. Ол бізді байқаған сәтте қаша жөнелді. Бірақ, ұрыларды сыбайластарының машинасына міне бергенде ұстадық.

Ұрылардың үлкені 22 жаста. Ол бұрын ақша ұрлағаны үшін істі болыпты. Кішісі 18-де. Анықталғандай олар ешқайда оқымайды және жұмыс істемейді. Қазір баукеспелерге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Егер ұрлық жасағанадары дәлденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

 

Култанов Байболат