МТРА жаңалықтары

Қазақстанда қыркүйектің 3-і аңшылық маусымы басталады

Бұл ретте әр өңірдің орман және ауылшаруашылық инспекциялары өзара тәжірибе алмасып, ортақ тақырыптарды талқыға салуда. Қызметкерлердің сұрақтары мен ұсыныстарына Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ерлан Нысанбаев жауап беруде.
Солтүстік Қазақстанда үйрек пен қазға саятшылық жасайтындардың саны көп. Өңірде 8 мың 300 аңшы бар.

Ережеп Жанатаев, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы:

– Аңшылық ережесіне сәйкес 3-ші қыркүйекте саятшылық маусымы басталады. Судағы үйрек пен қаз. өтініш бергендердің барлығына рұқсат беріледі.

Биыл Солтүстік Қазақстан бойынша аңшылық құруға 30 мыңнан астам жолдама беріледі. Оның 13 мың 250-ін теріскейліктер ендігі рәсімдеп алған. Олар қыркүйектің 3-нен аңға шықпақ.

Ерлан Тәшімов, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

– Биыл құс аулауға қатысты ереже бойынша ешқандай жаңалық жоқ. Талаптардың бәрі бұрынғысынша қалып отыр. Тек аңшыларға мемлекеттік қорықта құстарды атуға болмайды. Ал, қыркүйектің 20-сынан олжа ретінде қабан, борсық және сұр шілді атуға болады.

Жалпы теріскейде 24 аңшылық шаруашылығы бар. Мамандардың айтуынша Мамлют, Булаев және Меңгесердегі шаруашылықтарда рұқсат қағазың болса, бір күнде бірнеше құсты атып алуға болады. Ал, қала маңында мұндай мүмкіндік жоқ екен.

Василий Руденко, СҚО саятшылар мен балықшылар қоғамының төрағасы:

– Аңшылар бұл маусымды тағатсыздана күтіп жүр. Бірақ, Соколов және қала маңындағы шаруашылықтарға аңшылық құруға баратын саятшылардың көңілі толмай келеді. Себебі, ол жерде екі құстан артық атуға болмайды. Ал, аңшылар екі олжамен тоқтап қалмайды. Бұл заң бұзуға әкеліп соғады. Ең құрығанда бесеуін атуға рұқсат беру керек.

Күзгі аңшылық науқаны қарашаның 1-іне дейін жалғаспақ.

Акбопе Танирберген