Білім

Петропавлда “Мектепке жол” акциясы жалғасуда

Татьяна Пипус – көп балалы ана:

– Биыл менің 3 балам мектепке барады. Осы жылы барлықтарына мектепке қажетті құралдар табысталмақ. Бізге қолдау жасап жатқан жандарға алғысымды білдіремін.

Аталмыш шараны ұйымдастыруға мұрындық болған «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы және Қазақстан халқы ассамблеясы. Олар әлеуметтік көмекке зәру он екі оқушыға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдарын табыс етті.

Наиль Салимов – СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

– Бұл шара дәстүрге айналды. Біз “Мектепке жол” акциясын бірінші рет ұйымдастырып жатқан жоқпыз. Облыс орталығында ғана емес, сонымен бірге аудандарда өткіздік. Әлі де, мұқтаж жандарға кеңсе тауарларын және тағы да басқа керек жарақтарды сыйлаймыз.

Жалпы облыс орталығында 1176 көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы бар. Тамыздың 1-нен басталған «Мектепке жол акциясы» қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Тоғжан Ақмағамбетова