Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Абайлаңыз, балалар” акциясы өтуде

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, балалардың қатысуымен болатын көлік оқиғалары көбіне оқу жылында, яғни балғындар мектепке барған уақытта орын алады. Сол себепті аталмыш акция облыс бойынша жиі өткізіліп тұрады екен.

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

-Бүгінгі “Абайлаңыз, балалар” шарасының мақсаты балалардың қатысумен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау. Мектептің қасында балалар жолға шығып кетеді. Сол себепті осындай іс-шара ұйымдастырамыз.

Көлік тізгіндеген жүргізушілер бұл шараның өткізілуін толығымен құп көреді.

-Бұл әрине маңызы бар іс-шара. Сонымен бірге, балалар осы акцияның барысында жол ережесін біраз пысықтап алады. Және оны бұзбауға тырысады.

-Жол ережесін бұзбай жүру бұл әрбір азаматтың парызы. Сол себепті осындай акцияның маңызы зор.

Айту керек, жыл басынан балалардың қатысуымен 30 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде екі балғын қаза тауып, 31-і түрлі дене жарақатын алыпты.

 

 

Айгерим Ержанова