Мәдениет

Петерфельд селосында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған суреттер көрмесі өтуде

Мәселен, мына “Небо” атты туындысында автор күз мезгіліндегі Есіл өзенінің жағасын суреттепті. Бұл картинадағы бейнелердің барлығын суретші акварель бояуымен салған екен.

Мария Герасимова – еңбек ардагері, суретші:


–  Мен картинада аспандағы бұлттар мен өзендегі толқынды желдің бағытына байланысты бейнеледім. Ол маған өте қиын болды. Өйткені, табиғат аясындағы мұндай құбылысты суреттеу қиын. Дегенмен, мен бұл туындыны шамамен 10 сағаттың ішінде аяқтадым.

Суретші осыдан 11 жыл бұрын Қапшағай қаласынан Петерфельд селосына көшіп келген. Әжейдің мына залға ілген картиналарының басым көпшілінің дүниеге келуіне теріскей табиғатының сұлулығы себепкер болыпты. Автор осындай жерде тұрып тамаша туындыларды шабыттана суреттеуге болады дейді.

Мария Герасимова – еңбек ардагері, суретші:

– Мен тұрған жер өте құмды болды. Тіпті, Қапшағай жақта суреттейтін ештеңе жоқ деуге болады. Сол себепті, мен осы жаққа көшіп келдім. Мұнда ағаш, өзен, гүлдер бар. Олардың барлығын бейнелеуге болады.

Мария Герасимова Петерфельд селосында өзінің алғаш өткізген суреттер көрмесін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр. Мұнда ол көрермен назарына ең үздік деген 34 картинасын қойған.
Автор еңбектерін тамашалауға село тұрғындары күнде келеді. Солардың бірі – Нина Зенченко. Оқушы қызға “Қысқы пейзаж” картинасы ерекше ұнаған екен.

Нина Зенченко – Петерфельд орта мектебінің оқушысы, Қызылжар ауданы:

– Біз көрмеге әпкем екеуміз келдік. Мұндағы туындылардың барлығын тамашаладық. “Қысқы пейзаж” картинасында автор бейнелеген суреттер анық көрінеді. Маған, әсіресе, ағашты, үйді салғаны қатты ұнады.

Жуырда суретші Мария Гресимова 85 жасқа толыпты. Дегенмен әжей әлі тың. Ол алдағы уақытта тамаша туындыларды дүниеге әкеліп, селода тағы бір көрме өткізбекші.

Байболат  Култанов