Қоғам

Конституция – бейбітшілік пен қауіпсіздігіміздің кепілі

Гүлбақша Мұсабаева – «Ұрпақ» қазақ мәдени ағарту орталығының төрайымы, заң ғылымдарының кандидаты:

– Қазіргі уақытта 21-ші ғасыр манифесті деген құжат адамның өмірін өзекті деп жоғарғы деңгейге көтерген. Біз қазір әлемде адамның өмір сүруі үшін ешқандай шайқастар, соғыстар болмауы керек деген ойды жеткізіп жатырмыз. Сондықтан, адам өз өмірін қорғау үшін құқықтық мәдениет, құқықтық сауаттылықты дамыту қажет деп айтуға болады.

Конституциямыздың қабылданғанына 21 жыл болса, еліміз үшін тағы бір маңызды дата – Семей ядролық полигонының жабылуына биыл 25 жыл толып отыр. Әрине, мемлекетіміздің қол жеткізген барша жетістіктерін айтқанда, Елбасымыздың жасаған бұл маңызды қадамын ұмытуға болмайды.

Мереке Баймұқанов – СҚ мемлекеттік архивінің бөлім басшысы:

– Семей ядролық полигоны Қазақстан аумағында 1947-1991 жылға дейін істеді. 477 жарылыс болды.

Сол уақыттарда жарылыстарда 1 млн 700 мыңнан астам адам зардап шекті.

 

Магжан Ахмадина