Ауыл шаруашылығы

Өңірде орақ науқаны қызу жүргізілуде

Бүгінге келіп түскен мәлімет бойынша солтүстікқазақстандық диқандар күзгі-дала жұмыстарының 18 пайызын аяқтапты. Яғни, 604,1 мың гектарға бітік шыққан астық қамбаға құйылған. Жалпы, биылғы орақ маусымында 3 млн 218 мың гектар алқап орылмақ. Ал, 344 мың гектар жердегі өнім бастырылған. Тағы, 513 мың тонна астық соғылған. Өнім берекелігі гектарына орташа алғанда 14,9 центнерден айналуда.

 

Култанов Байболат