Құқық қорғау органдары

Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірімізде “Абайлаңыз – балалар!” акциясы өткізілуде

Шара аясында полицейлер жүргізушілерге жолда жүру ережелерін қатаң ұстануға шақырып, оларға жадынама парақшалар таратуда. Бұдан бөлек полиция өкілдері мектептер маңында қауіпсіздік шараларын күшейткен. Және бірініші қыркүйектен бастап мамандар мектеп оқушыларына жол қозғалысы ережелерін түсіндіруді қолға алмақ. Себебі жыл басынан бері облыс және қала жолдарында кәмелет жасына толмаған 21 бала түрлі дене жарақатын алып, зардап шекті.

Берік Қасен