Балалар

Петропавлда “Менің сүйікті отбасым” байқауы жалғасуда

Алтай Садуов:

– Бүгін біз Сәбилер үйіндегі дәрігерлермен, күтушілер және бүлдіршіндермен жақынырақ таныстық. Ата-аналарының көп жағдайда өз балаларынан бас тартқаны өте өкінішті. Келіншегіміз екеуміз осында жиірек келіп, туғандарынан жырақта қалған балғындармен мейірімізбен бөлісіп тұруды жөн көрдік.

Жалпы байқауға қатысушылар үшін бұл күтпеген кездесу болды. Ұйымдастырушылар мұндай шараның өткізілуі жас отбасылардың бала сүюге дайындалуға мүмкіндік береді дейді. Қазіргі уақытта Сәбилер үйінің қабырғасында 4-жасқа дейінгі 52 бөбек тәрбиеленуде.

Галина Бондаренко:

– “Менің сүйікті отбасым” байқауы жалғасуда. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан, жарыстың бұл кезеңін “Сәбилер үйінде” өткізуді шештік. Қатысушы жұптар балғындармен танысып, бірге ойнаулары қажет.

Қыркүйектің 8-іне дейін жалғасатын шара барысында ерлі-зайыптылар түрлі сайыста бақтарын сынайды. Бүгінде дейін олар психолог, әртіс, сәнгер, хореографпен де жұмыс жасапты. Алдағы уақытта жұптарды бірнеше қызықты сындар күтуде.

 

Айсулу Сергали