МТРА жаңалықтары

СҚО қуыршақ театры кезекті маусымын ашты

Андрей Зайцев, СҚО қуыршақ театрының әртісі, ҚР Мәдениет қайраткері:

– “Шалғам”, “Ешкі өзіне қалай үй салды”, “Қарға мен алма”, “Ботқа толы ыдыс”, “Жеті лақ” ертегілерін бір қойылымға біріктірдік. Сахнаға шыққан кемпірлер мен атай өз ертегілерін айтып бергісі келіп таласады. Аяғында балаларға барлығы да баяндап береді. Балғындарды сахнаға шақырамыз. Олар да рөлдерге енеді. Балалар халық ертегілдерін тамашалап, теледидар, телефонды бір сәтке ұмытады.

Қойылымды үш әртіс сомдайды. Одан бөлек 10 қуыршақ кірістірілген. Бірақ, “Шалғам” ертегісіне көрермендердің де көмегі қажет болды. Сондықтан, кішкентайлар сахнаға шығып, алып көкөністі жұлып алуға көмектесті.

Бұл – “Старуха-говоруха” ертегісі. Басты кейіпкерді Ольга Алпатова сомдауда. Балалардың сүйікті кейіпкеріне еніп кету кәсіби әртіске оңайға соқпапты.

Ольга Алпатова, СҚО қуыршақ театрының әртісі:

– Ертегі жеңіл. Десе де, бір рөлден екіншісіне ауысқанда даусыңды, жүрісіңді өзгертуің тиіс. Бұл оңай емес. Бірінші кемпірді сомдаймын, кейін алма ағашы болып шығамын, бірнеше минуттардан кейін ашулы шырша кейпіне енемін. Әрқайсының өзіне тән мінез-құлқы бар.

Ертегі балақайларды шат-шадыман көңіл күйге бөледі.

Акбопе Танирберген