Спорт

Қаламыздағы бастауыш партия ұйымдарының өкілдері шағын футболдан қайырымдылық турнирін өткізді

Бұл жарыста 5 құрама бақ сынауда. Олар сайысқа қатысар алдында 10 мың теңгеден ақша жинапты. Теріскейлік жомарт жандардың игі бастамасын қолдаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Абай Тасболатов өңірдегі спорттың дамуына жоғары баға берді.

Абай Тасболатов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Жастардың спортты қолдағандар өте дұрыс. Олар әрдайым салауатты өмір салтын ұстанулары тиіс. СҚО спорттық кешендердің салынғандығы көңіл қуантады.

Міне, турнирдің алғашқы матчыда басталды. Ортада “Жас Отан” және “Петропавл арақ-шарап зауыты” ЖШС өкілдері күш сынасуда. Әзірге басымдық көк түсті жейдедегі футболшылар жағында. Қорғаныста сауатты, шабуылда қарқынды өнер көрсеткен олар көп кешікпей жасотандық жастар қақпасына алғашқы голды да соқты.

10 минуттан тұратын 2 тайм аяқталды. “Петропавл арақ-шарап зауыты” серіктестігінің ойыншылары ақ түсті жейдедегі жігіттерді 10 да 0 есебімен ұтты. Дегенменде жасотандықтар біз үшін маңыздысы жеңіс емес, әлеуметтік аз қамтылған балаларға көмектесу дейді.

Абылайхан Қайроллаев — «Жас Отан» жастар қанатының Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсі:

– Ойында өкінішке қарай ұтылып келдық. Алайда біздің мақсатымыз жеңімпаз болу емес, балаларға көмектесу. Оларды жаңа оқу маусымына дайындау.

Айта кетейік, өңірде “Мектепке жол” акциясы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

 

Култанов Байболат