Қоғам

18 тамыз – шекарашылар күні

СҚО 6 ауданы РФ іргелес орналасқан. Шекараның жалпы ұзындығы 1200 шақырым. Сондықтан өңірімізге келген жандарды ең алғаш болып қарсы алатын осы шекарашылармыз. Қазіргі таңда аймағымызда 7 өткізу пункті бар. Күніне бұл бекеттер арқылы 1300- ден астам темір тұлпар мен 5000 мыңға жуық адам өтеді екен. Одан өзге ел аумағына заңсыз енгісі келетіндер де табылып жатады. Ағымдағы жылдың 6 айында ондай құқықбұзушылар саны 700- ге жеткен.

Сәбит Қалхозаров- ҚР ҰҚК шекара қызметі 2032 әскери бөлімі штабының аға офицері

– Шекрашыларға жүктелген міндет зор. Қазіргі күні материалдық тезникалық базамыз жақсы. 18 – ші тамызда Қазақстанның шекара қызметіне 22 жыл толды. Кәсіби мерекелерін әскерилердің көбі жұмыс орындарында қарсы алып, маңызды қызметтерін үзбей атқаруда. Бүгіндері шекара қызметінің 2032 әскери бөлімінде 800-ден астам адам еңбек етеді. Салтанатты шарада еңбегімен ерекшеленген бірнеше шекарашы марапатқа ие болды.

Магжан Ахмадина.