МТРА жаңалықтары

Қалалық мәслихаттың 4-ші сессиясы өтті

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Қазіргі уақытта аумағы 78,5 мың шаршы метр болатын 11 тұрғын үй салынып жатыр. Гастелло көшесі 48 мекен жайындағы 75 пәтерлі баспана “Жас отбасы” бағдарламасы аясында қолданысқа берілді. Тамыз айының соңында Юбилейное-Семашко көшелеріндегі 126 және 72 пәтерлі екі үй тапсырылады. Олар ипотекалық бағдарлама аясында тұрғызылуда.

Биыл Петропавлда жол құрылысы да жалғаспақ. Бүгінде жетеуі жөнделген. Береке шағын ауданына жаңа асфальт төселіп, Досмұхамбетов қысқа көшесінде қайта жаңғырту жұмыстары аяқталмақ. Ал Мир және Партизан көшелерінде бұл жұмыстар енді басталды дейді қала басшысы. Бұл іске 2016-шы жылы шамамен 1,5 млрд теңге бағытталған. Бұдан бөлек аулалар қалыпқа келтіріліп, спорт және балалар алаңдары ашылып жатыр. Бүгінде өзекті болып тұрған тағы бір мәселе – мектепке дейінгі біліммен қамту да біртіндеп шешілуде.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– 2016 жылы балабақшаларда 650 орын пайда болады. Бұл – Ұлттық қордың қаржысына салынған 320 орындық “Нұрсәт” балабақшасы және тағы бір мектепке дейінгі білім беру мекемесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында “Ашық-Аспан” ЖШС тұрғызды. Сонымен қатар, “Достық” шағын орталығы және “Сәуле” балабақшасы кеңейтіледі. Сонымен қатар, Рижская, Набережная, Айыртау көшелерінің қиылысында 200 орындық балабақша бой көтереді.

Бүгінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды біліммен қамту 91 пайызды құрап отыр. Экономикалық дамуға келер болсақ, қаладағы өнеркәсіп орындары жыл басынан 58 млрд теңгеден астам тауар өндірген. Сондай-ақ, жиында Петропавл қаласына 5 елді мекенді қосу жайы да қозғалды. Бұны барлығын депутаттар бірауыздан қолдады. Енді облыс орталығының құрамына Новопавловка, Куйбышевское, Тепловское елді мекендері мен 26 32 және 26 29 аялдама пункттері кіреді. Жалпы күн тәртібінде 10 сұрақ қаралды.

 

Риат Шони