МТРА жаңалықтары

Теріскейде республикалық “Ақ орамал” акциясы жалғасуда

Яғни, халық арасында ақ орамал ауызбіршіліктің ұйтқысы болған. Міне, теріскейде кеше бастау алған республикалық акцияның басты мақсаты – осы. Ұлт арасында бейбітшілік пен татулықты нығайтып, салт-дәстүрді дәріптеу.

Күлімкөз Смайылова – Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы:

– Еліміздегі тыныштық біздің біздің басты байлығымыз. Құндылығымыз деп айтсақ болады.Елбасының жариялаған марифесін барлығымыз түсінуіміз қажет.

Бүгінгі жиынға қатысып отырған жандардың көпшілігі бастарына ақ орамал тағыпты. Бұл тазалық пен бейбітшіліктің белгісі дейді олар. “Балқадиша” әжелер халық ансамблінің мүшелері Президентіміздің яролық қауіпсіздік жөнінде жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесімен танысыпты. Олар енді еліміздегі Семей полигонындағыдай жойқын жарылыстар болмай, тек тыныштықтың нығайғанын қалайды.

Мәшуда Ыбраева – “Балқадиша” әжелер халық ансамблінің жетекшісі:

– Елімізде тек тыныштық болсын. Балаларымыз аман болып, ешқандай оқыс оқиғалар болмасын.

Шараға сонымен қатар, өңіріміздегі дін өкілдері де қатысты. Қызылжар облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қасымжан қажы Исаев жиналғандарға “Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы” тақырыбында дәріс оқыды. Имам өз сөзінде балаларға кіші жастан дұрыс тәрбие беріп білімге, өнерге баулу қажеттігін айтты.

Қасымжан қажы Исаев – “Қызылжар” облыстық орталық мешітінің наиб имамы:

– Балалың ибалы болуы әке-шешесіне тікелей байланысты. Жақсы ұрпақ тәрбиелейтін болсақ, дүниеден өтсекте амал дәптеріміз қияметке дейін жалғаса бермек.

Айта кетейік, Солтүстік Қазастанда Елбасының Ядролық қауіпсіздік жөнінде жарияланған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған республикалық “Ақ орамал” акциясы жыл соңына дейін жалғасады.

Култанов Байболат