Құқық қорғау органдары

“Тұрмыс” жедел-алдын алу шарасының қорытындысы

Нәтижесінде 111 тұлғаның түзету мекемелерінен мерзімінен бұрын босатылғаны және 130 адамның маскүнемдікке салынғаны белгілі болды. Сондай-ақ, шара барысында үй ішінде жанжал жиі шығатын 80-ге жуық отбасы есепке қойылды. Айта кету керек, жыл басынан бері жанұяда көп кикілжің тудыратын 136 азамат қамауға алынған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары 200-ден аса қару иелерін тексеріп, 2 заңбұзушылықты анықтады.

Оңалбек Әбдікәрімов – Петропавл қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторы:


– Облыс аумағында тамыздың 15-і мен 17-сі аралығында тұрмыстық жедел алдын алу акциясы ұйымдастырылуда. Бұл іс-шара басты мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынас саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

 

Тогжан Акмагамбетова